Енесін пышақпен жарақаттаған ер адам 13 тәулікке қамалды

Түркістан облысындағы Түлкібас аудандық сотында сотта әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Ер адам енесін пышақпен жарақаттаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап. 

Жәбірленуші әйелдің сөзінше, ол қызының үйіне келгенде қызы жерде жатқанын көрген. Ол ерлі-зайыпты сөзге келіспей қалған деп топшылаған. Әйел адам күйеубаласын сабырға шақырмақ болғанда ер адам ас үйден пышақ әкеліп, енесінің қолын жарақаттаған. Жәбірленуші әйел полицияны шақырған. 

Сот отырысында ер адам кінәсін мойындады. Сот қаулысымен ер адам әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 13 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар, ер адамға алкоголь ішуге тыйым салынды, ал оның мінез-құлқына 6 ай мерзімге ерекше талаптар қойылды, онда айына 2 рет ол профилактикалық әңгімелер үшін Түлкібас ауданының полиция бөліміне баруға міндеттелді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!