БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза болды

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза болды

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2023 жылғы 20 мамырда сағат 23:05 шамасында Changan автокөлігін басқарған 46 жастағы жүргізуші Подстепное-Меловые Горький тасжолының 5-ші шақырымында қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан 25 жастағы жүргізуші басқарған жартылай тіркемесі бар Volvo көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның 2011 және 1977 жылы туған екі жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды", - делінген хабарламада

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова