Түркиядағы президент сайлауының екінші кезеңі аясында шет мемлекеттерде дауыс беру басталды

Түркиядағы президент сайлауының екінші кезеңі аясында шет мемлекеттерде дауыс беру басталды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Түркиядан тыс жерде тұратын ел азаматтары сенбіден бастап президенттік сайлаудың екінші турына дауыс бере бастады. 73 елде 167 сайлау учаскесі ашылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Anadolu басылымына сілтеме жасап.

Түркияның шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде дауыс беру мерзімі 24 мамырға дейін жалғасады.

Сайлау республиканың шекарамаңы пунктерінде жер үстіндегі бақылау-өткізу бекеттерінде, әуежайлар мен теңіз айлақтарында 28 мамыр, сағат 17.00-де аяқталады.

Бюллетеньдерді Анкараға жоғары қауіпсіздік режимін сақтай отырып, дипломатиялық курьерлер жеткізеді.

Дауыстарды санау 28 мамыр, сағат 17.00-ден кейін – Түркияның өз ішінде дауыс беру аяқталған уақытта басталады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова