Ақтөбе облысында оқушылар мінген көлік жол апатына ұшырады

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелдіде екі көлік соқтығысып, олардың бірінде болған 5 оқушының бірі ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 20 мамыр сағат 09:50-де болған.

"Қарауылкелді ауылындағы Ә. Молдағұлова көшесі бойында НИВА мен Лада Приора автокөліктері соқтығысты. Салдарынан көлік ішінде болған қыздың бұғанасына зақым келді деген диагноз қойылды. Дерек аудандық полиция бөлімінде тіркелді", - делінген хабарпламада.

Аудандық аурухана дәрігерлері балаларды қарап шығып, 12 жастағы қызды жедел жәрдем көлігімен облыс орталығына жіберген. Ол облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жатқызылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!