Жел, найзағай. 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жел, найзағай. 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 21 мамырда күн райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түнде Ақтөбе облысының орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде өңірдің солтүстік-батысы мен орталығында, күндіз орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ұлытау облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында 25 м/с құрайды.

Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады. Өңірдің тау асуларында күші 15-20 м/с құрайды.

Абай облысының Бескарағай ауданында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қостанай облысының солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Маңғыстау облысының батысы мен орталығында найзағай болжанады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз өңірдің батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігі мен таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы – 15-20 м/с.

Павлодар облысының шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірдің шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова