Қызылордада жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

Қызылордада бір топ адам арасында төбелес шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

20 мамырға қараған түні полицияға қала тұрғындарынан жігіттер арасындағы төбелес жөнінде хабарлама түсті.

Жастардың екіге бөлініп, бір-бірімен ерегесіп, аяғында төбелес жұдырықпен аяқталғаны белгілі болды.

Төбелеске қатысқан 12 адам анықталды, олар облыс орталығының 25-30 жас аралығындағы тұрғындары болып шықты. Барлығы міндетті медициналық тексеруден өткен соң, түсініктеме беру үшін полицияға жеткізілді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі бойынша тергеп-тексеру əрекеттері басталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!