Алматыда қай жерлерде шомылуға рұқсат етілген?

Алматыда қай жерлерде шомылуға рұқсат етілген?
Фото: TengrinewsTV

Республикалық жедел-құтқару жасағы былтыр шомылу маусымында 17 адамды ажалдан арашалап қалды. Оның алтауы - бала. Олар тиіс ережелерді ескермей барып, суға батқан. Ал құтқарушылардың айтуынша, Алматыда рұқсат етілген тек 4 шомылу орны бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі almaty.tv-ға сілтеме жасап.

"Біз ерекше қиын жағдайда да құтқаруға барамыз. Ол үшін арнайы дайындықтан өтеміз. Қысымы жоғары, ауа температурасы төмен, жүрекке жүктеме жиі түсетін жерлерде де жұмыс істейміз. Ал судың астына сүңгіп жатсақ, өзіміздің арнайы түсінісетін тіліміз бар. Яғни, бір рет арқан тарту - оңға, екі рет сілкісең - солға, арқанды үш рет тарту - ол судан шығар дегенді білдіреді", - деді ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы бөлімшесінің басшысы Андрей Быбченко.

Құтқару қызметінің қажетіне жарайтын тағы бір маңызды құрал - маторлы қайық. Жылдамдығы мен жеңіл жүрісінің арқасында су көлігін басқару да оңай. Ал адам өмірін ажалдан арашалап қалуда уақыт ұту өте маңызды.

"Алматыда барлығы 4 шомылу орыны бекітілген. Олар Сайран көлінің батыс және шығыс бөлігі, Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы бойындағы "Гүлдер" демалыс орны және Баум тоғайы. Қалған су айдындары мен таулы өзендерде шомылуға тыйым салынған. Сайран көлінде бізде 17 адам құтқарылды. Оның алтауы - бала", - деді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Есбол Сұлтанов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек