Үш бірдей баласын өлтірген ақтаулық тұрғынның ісі әлі сотқа жетпеген

Ақтауда үш баланың өліміне қатысты іс әлі сотқа жетпеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Атышулы оқиғаға қатысты марқұм балалардың әкесі күдікті болып отыр. 36 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторында отыр. Бұл туралы Маңғыстау облысының полиция департаменті хабарлады.

"Қылмыстық істің материалдары сотқа берілген жоқ. Сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейді", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі бұл іс бойынша сот әлі басталмағанын растады. Соттың ашық режимде өтетіні әзірше белгісіз.

Еске салайық, 2023 жылғы 24 наурызда Ақтаудағы 27-шағынаудандағы №46 үйде жантүршігерлік қылмыс болды. Куәгерлердің айтуынша, ер адам үш баласын пышақтап өлтірген. Оқиға орнына барған полицейлер ер адамды ұстаған, ал пәтерден зорлықпен өлтірілген 2011, 2014 және 2016 жылы туған балалардың мәйіттері табылды.

Бұған дейін Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!