Ақтөбеде кәсіпкерден қомақты ақша мен Toyota Camry көлігін бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Ақтөбеде бопсалаушылар тобы ұсталды. Полиция қызметкерлеріне облыс аумағында қылмыстық топтың бопсалаумен айналысатыны туралы ақпарат түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған тұлғалардың кәсіпкерден қомақты ақша сомасын бопсалағаны, сондай-ақ оларға "Тойота Камри" автокөлігін ресімдеуді талап еткені анықталды.

Ағымдағы жылғы 16 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері Ақтөбе облысының төрт тұрғынын ұстады. Ұсталғандардан патрондары мен 2 травматикалық тапанша және пышақ тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 3-бөлігі "бопсалау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Ұсталғандар қамауға алынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!