Астанада жыл басынан бері 106 велосипед ұрланған

Астанада жыл басынан бері 106 велосипед ұрланған. Бұл туралы Астана қалалық Полиция департаменті жергілікті полиция басқармасының бастығы Арман Айтмағамбетов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жыл басынан бері елорда аумағында 106 велосипед ұрлығы тіркелді. Оның ішінде Алматы ауданы бойынша – 36, Есіл ауданы бойынша - 34, Сарыарқа ауданы бойынша - 27, Байқоңыр ауданы бойынша 9 ұрлық болды. Олардың көбісі - 47 пайызы тұрғын үйлердің кіреберісінен, қалғаны аулалардан ұрланған. Салдарынан тұрғындарға шамамен 3 миллион теңге шығын келтірілді. Ұрланған велосипедтердің орташа құны - 70 мың теңге", - деді Арман Айтмағамбетов.

Оның сөзіне қарағанда, былтыр велосипед ұрлығы 2 есе өскен.

"Былтыр осы аралықта мұндай 48 дерек тіркелген болатын", - деді Полиция департаментінің өкілі.

Азамат Қойшығара

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!