Демалуға барған: Астана тұрғыны Ақтауда баланы құтқарып қалды

Астана тұрғыны Ақтауда баланы құтқарып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, Виктор Балбачан Ақтауға демалуға барған. Бірақ кішкентай бала пирстен суға құлағанына куә болған. Жақында жүрегіне екі рет ота жасатқанына қарамастан, ер адам оның артынан суға түскен.

Құтқарылған баланың жағдайы жақсы. Оған дәрігерлердің көмегі қажет болмаған. Оның құтқарушысы да зардап шекпеген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!