Ақтөбе облысында мәслихат депутаты 457 миллион теңгеге алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Ақтөбе облысында мәслихат депутаты 457 миллион теңгеге алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Фото: elements.envato.com

Ақтөбе облысында аудандық мәслихат депутаты 457 миллион теңгеге алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі мәліметінше, ол заңсыз несие мен субсидия алған.

Күдікті депутат ұсталып, қамауға алынды.

"Шаруа қожалығының атынан өтінім беру арқылы ол іс жүзінде жоқ мал басы үшін заңсыз субсидия алды. "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 600 бас ірі қара мал сатып алуға "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ берген несиені заңсыз алды. Залалдың жалпы сомасы 457 миллион теңге болады", - делінген Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова