Атырауда 7-қабаттың балконында ойнап жүрген кішкентай қыз жұртты шошытты

Атырауда 7-қабаттың балконында ойнап жүрген кішкентай қыз жұртты шошытты
Фото: azh.kz

Атырауда кішкентай қыз 7-қабаттың балконында ойнап жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі azh.kz-ға сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Төтенше жағдайлар департаменті өкілі оқиға Нұрсая шағынауданындағы №116 үйде сағат 15:40-та болғанын айтқан. Бұл жетінші қабатта болған. Кейінірек қыздың әпкесі балконға шығып, оны пәтерге алып кірген.

Полиция департаменті өкілі қыздың ата-анасының үстінен хаттама толтырылып жатқанын мәлімдеді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова