Депутат Парламент отырысында казино ойнап, ұтылып қалған

Қырғызстанда Жоғары Кеңес депутаты Марлен Маматалиев отырыста министрлер кабинетінің парламенттегі өкілі Алмасбек Абытовқа онлайн-казинолардың қолжетімді екенін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Акчабарға" сілтеме жасап.

"Кездесудің алдында мен сіздің сүйікті нөміріңізді сұрадым. Сіз 7 деп жауап бердіңіз. Менің сүйікті нөмірім - 17. Дәл қазір мен онлайн казиноға кіріп, 7 мен 17-ге бәс тігемін... Біз ұтылып қалдық", - деді депутат әрекетіне түсініктеме берді.

Оның айтуынша, дәл осылай Қырғызстанның жүздеген азаматы мұндай сайттарға емін-еркін кіріп, шығынға батып отыр.

"Тек ойыншылар ғана емес, олардың отбасылары да зардап шегеді. Өйткені құмар ойыншылар үйдегі ақша мен алтын ұрлап, көлік пен үйді сатып, бәрін кепілге қалдырады", - деді Маматалиев.

Ол Қырғызстанда инвестициялық брокер ретінде тіркеліп, заңды түрде ашылған компанияның Бішкекте - 10, Ошта және Қара-Сууда бір кеңсесі барын айтты.

Депутат Қаржы қадағалау мен Цифрландыру министрлігі не істеп жатқанын сұрады. Ол компанияның кеңселерін жабуды және мұндай сайттарды жабуды талап етті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!