Қазақстандық сейсмологтар Тәжікстандағы жер сілкінісін тіркеді

Қазақстандық сейсмологтар Тәжікстанда магнитудасы 5,0 болатын жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі some.kz-ке сілтеме жасап.

"Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 18 мамырда Алматы уақыты бойынша сағат 20:08-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 705 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы – 5,0. Жер сілкінісі сезілмеген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!