Тоқаев Сианьға барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сианьға барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол мұнда "Орталық Азия – Қытай" саммитіне қатысады. 

Ақорданың хабарына қарағанда, Сиань қаласындағы Лотос саябағында "Орталық Азия – Қытай" саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын ресми қарсы алу рәсімі өтті.

"Орталық Азия – Қытай" саммитінің негізгі іс-шаралары ертеңге жоспарланған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!