«Жас қанат» байқауы Алматыға қайта оралды

«Жас қанат» байқауы Алматыға қайта оралды

Үш жылдық үзілістен кейін атышулы ән байқауы Алматыда, 29 мамыр мен 3 маусым аралығында Республика сарайында өтеді. Жас таланттар мен әсерлі музыка әлемі қиысқан сиқырлы мерекеге дайындық қызу жүріп жатыр. Тек, өкінішке орай, еліміздің бұл ірі мәдени шарасы оның негізін қалаған Мұрат Ерғалиев пен Александр Пономаревсіз өтпек. Бірақ байқау ұйымдастырушылары – Алматы қаласының әкімдігі мен «Азия дауысы» халықаралық байқауы» қоғамдық қоры "Жас қанаттың" өз атына лайық өтуі үшін барын салатын болады.

«Жас қанат» ел тәуелсіздігінің құрдасы. Байқау елмен бірге қиыншылық пен сәттілікті, жеңіс пен жеңілісті де көріп шықты. Тәуелсіз мемлекетпен бірге өсті, өркендеді. Бүгіндері халықты өз шығармашылығымен қуантып жүрген жұлдыздар осы байқаудың арқасында үлкен сахнаға жолдама алған еді. Олардың ішінде – Медеу Арынбаев, Ерлан Көкеев, Нұрлан Абдуллин, «Үркер» тобы, Бақыт Шадаева, Жанар Дұғалова, Мәдина Сәдуақасова, Құрмаш Маханов, Сәкен Майғазиев, Гауһар Қаспақова, Алтынай Жорабаева, Жанна Орынбасарова, Нұрлан Албан, Бейбіт Қорған, Гүлнұр Оразымбетов сынды өнер саңлақтары бар.

2012 жылы жас әнші Димаш Құдайберген осы байқаудың бірінші жүлдесінің лауреаты атанған болатын. Артынан қазақ халқының мақтанышына айналған Димаштың әкесі Қанат Айтбаев ұлының бүгінгі жетістіктерінде «Жас қанат» байқауының үлесі бар екенін ерекше атап өткен.

Қазір ұйымдастырушылар штаб-пәтерінде бірінен-бірі асып түсетін небір идеялар дүниеге келуде. Енді, биылғы конкурс қатысушыларымен танысайық:

1. Аружан Бисембай, 20 жас, Орал
2. Нарғыз Жанұзақова, 17 жас, Ақтөбе
3. Диас Жорабек, 19 жас, Алматы
4. Алина Сағынбаева, 16 жас, Астана
5. Нариман Жолдасбеков, 27 жас, Петропавл
6. Алмагүл Батталиева, 23 жас, Алматы
7. Нұрасыл Сатыбалды, 23 жас, Шымкент
8. Мәдина Қабдолла, 20 жас, Павлодар
9. Сафуан Көрегенов, 26 жас, Шиелі, Қызылорда облысы
10. Ерасыл Мұқанов, 18 жас, Астана
11. Дильназ Сапарғалиева, 20 жас, Астана
12. Ерасыл Инібек, 25 жас, Үшарал
13. Жанель Атамбекова, 16 жас, Сарыағаш
14. Қымбат Жамбылбек, 23 жас, Жасөркен, Жамбыл облысы
15. Ерназар Жұбан, 27 жас, Алматы
16. Әсем Едіге, 27 жас, Қарағанды
17. Абай Қырықбаев, 18 жас, Қарағанды
18. Камилла Рамазанова, 18 жас, Қарағанды
19. Беназар Әлімходжаева, 23 жас, Алматы
20. Александра Турецкая, 22 жас, Астана

Енді аз уақыттан кейін конкурсанттар оңтүстік астанамыздың аға сахнасында бас қосып, өнерлерін ортаға салып, көрермендер мен жанкүйерлеріне ән мерекесін сыйлайды!

Алматы қаласы әкімдігі ұсынған материал

Massaget.kz