"Артық салмақ қосып алуыңыз мүмкін". Құрамында қант көп сусындар аталды

Артық салмақты тамақ арқылы ғана емес, сонымен қатар, сусын арқылы да қосып алуға болады. Кәдімгі суда калория болмағанымен, шырында, лимонадта, алкогольде және сүтте калория бар. Сондықтан артық салмақтан арыламын десеңіз, кейбір сусынды ішерде сақ болған жөн , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питерге" сілтеме жасап. 

Салқын әрі тәтті шай

Үйде қайнатылған кәдімгі бір шыныаяқ шайда калория өте аз болады. Бірақ егер сіз бөтелкелерде дайын шай сусындарын сатып алуды ұнататын болсаңыз, онда сұйықтықпен бірге қанттың көп мөлшерін тұтынасыз. Мұндай шайдың калориясы айтарлықтай жоғары, сонымен қатар, ол шөлді қандырмайды. Сондықтан бұл шайды көп мөлшерде ішу әдеті артық салмаққа әкелуі мүмкін.  

Сироп қосылған кофе

Қоспасыз кофе - өте төмен калориялы сусын. Кофеге сүт немесе кілегей қосқанда, калория мөлшері жоғарылайды. Бірақ сироп қосылған рафта шамамен 270 калория болуы мүмкін.

Спорттық сусындар

Өндірушілер спорттық сусындардың өнімі сергек болуға және жаттығуд жақсы істеуге көмектесетініне уәде береді. Дегенмен сатып алудан бұрын құрамына мұқият назар аудару керек. 

Жеміс шырыны

Дүкендердегі апельсин шырыны пайдалы деп ойлайсыз ба? Негізі оның құрамында қант көп. Мұндай сусын тәбетті арттырады.

Лимонад

Қанты бар сусындар қатарында газдалған лимонад та бар. Оның калориясы жоғары және шөлді қандырмайды. Қантты сусындарды үнемі тұтыну инсулинге төзімділікке әкелуі мүмкін.

elements.envato.com

Сыра

Құрамында алкоголі аз сусын ретінде сыра кейбіреулерге қауіпсіз болып көрінуі мүмкін. Бірақ, біріншіден, алкогольдің қауіпсіз түрлері мен дозалары жоқ. Ал, екіншіден, 100 миллилитр сырада шамамен 48 калория бар. Әңгіме қант, хош иістендіргіштер және сироптар түріндегі қоспаларсыз қарапайм сыра туралы. Сонымен қатар, мас адам көбіне не жейтінін бақыламайды. Сондықтан сыраны жақсы көретіндерде артық салмақ қосу қаупі бар.

Коктейль

Сироптар, шырындар және қант қосылған алкогольді коктейльдер дене бітіміңізге әсер етуі мүмкін. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!