Досаев бұрынғы трамвай депосының орнында креатив хаб құрылатынын айтты

Досаев бұрынғы трамвай депосының орнында креатив хаб құрылатынын айтты
Фото: tengrinews.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев бұрынғы трамвай депосының орнында креатив хаб құрылатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап. 

Қала әкімінің халықпен кездесуінде қаланың қоғамдық кеңесінің мүшесі Әсет Наурызбаев бұрынғы трамвай депосын дамыту тұжырымдамасын талқылауды ұсынды. Оның айтуынша, бұрын бұл жерде сауда орталығын салмақ болған, ал қоғамдық кеңістік жобасы кейінге қалдырылған.

Әкім бұрынғы инвестициялық жобаны тоқтатқанын және қазір бұл жерде Алматының шығармашылық кеңістігін құруға уәде берілгенін түсіндірді.

"Мен жасалатын нәрселерді көрдім, байқауымша жақсы болады. Бұл іске біздің мамандарды ғана емес, шетелдік компаниялар да тартылды. Жақында біз бұл жобаны жариялаймыз. Қала жеке инвесторлармен болған әңгімелерден кейін депоны өзіне алады және жақын арада бұл Алматының басты креатив хабына айналады. Мен қоғамдық кеңесте тапсырма беремін, біз жобаны көрсетеміз, айтамыз. Егер ескертпелер болса, онда оларды жобаға енгіземіз", - деді қала басшысы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек