Шетелден әкелінген көліктерді тіркеу алымы өзгере ме? Премьер-министр жауап берді

Премьер-министр Әлихан Смайылов шетелден әкелінген көліктердің тіркеу алымына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкімет басшысының айтуынша, бастапқы тіркеу алымын алу ескі және экологияға сай келмейтін көліктерді шеттен әкелуді реттеуде тиімді тетік саналады.

"Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында (меншікті автомобиль өндірісі бар ЕАЭО-ға қатысушы елдерде), сондай-ақ, Өзбекстанда бастапқы тіркеу алымы қызметін сараланған утильалым атқарады. Ол қозғалтқыш көлеміне де, көліктің шығарылған жылына да қатысты есептеледі. Осыларды ескере отырып, шығарылғанына 3 жылдан асатын көліктерге қатысты бастапқы тіркеу алымын төмендету мақсатқа сай келмейді деп есептейміз", - делінген Смайыловтың жауабында.

Азамат Қойшығара

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!