"Майданға аттанып, шараға қатыса алмаған". 101 жастағы қария диплом алды

АҚШ-та 101 жастағы ардагер диплом алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Фред Тейлор есімді қария 80 жыл бұрын Айова штатындағы колледжді аяқтаған, бірақ майданға аттанғандықтан, салтанатты шараға қатыса алмаған. 

Арада ондаған жыл өткен соң оның қызы әкесінің салтанатты шараға қатысуын ұйымдастырған. Ардагер музыка мамандығы бойынша білім алғаны белгілі болды. Кейін ол осы бағытта магистратураны да тәмамдаған. Зейнеткерлікке шыққанға дейін ардагер мұғалім болып жұмыс істеген. 

"Іс аяғына жетті. Енді шынымен университетті тәмамдағандай сезім пайда болды", - дейді түлек Фред Тейлор.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!