Тоқаев: Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық қатынасы қарқынды дамып келе жатыр

Тоқаев: Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық қатынасы қарқынды дамып келе жатыр
Фото: Борт №1

Мемлекет басшысы қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Президент әлемдегі күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

"Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда-саттық көлемі рекордтық көрсеткішке – 31 миллиард долларға жетті. Қытай Қазақстан экономикасына қаржы құйған бес ірі инвестордың қатарына кіреді. Құйылған инвестицияның жалпы көлемі 23 миллиард доллардан асты", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина