Сақ болыңыз! ТЖД алматылықтарға ескерту жариялады

Қазгидромет қатты жаңбыр, найзағай, желге байланысты қалада ескерту жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

18 мамырда қалада қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын қатты жел екпіні секундына 18-23 метрге жетеді.

"ТЖД қала тұрғындарына көліктерді ағаш астында қалдырмауды сұрайды! Сондай-ақ, жел күшейген кезде мына жағдайлар ұсынылады:

  • ғимараттардан шығуды шектеу (мүмкіндігінше үй-жайда болу);
  • егер үйде болсаңыз, терезелер мен есіктерді мықтап жабыңыз;
  • ауладан, ашық балкондардан және лоджиялардан үйіңізге зиян келтіруі мүмкін тұрмыстық заттарды алып тастаңыз;
  • көшеде жүргенде жақын кіреберісте немесе дүкенде жасырынуға тырысыңыз;
  • билбордтардың, ағаштардың астында, аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды, өйткені шатырлардан шифер мен басқа шатыр материалдары құлауы мүмкін;
  • қатты жел кезінде электр желілерінің астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті", - делінген ведомство хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!