Бүгін Тоқаев Қытайда қандай шараға қатысатыны айтылды

Бүгін Тоқаев Қытайда қандай шараға қатысатыны айтылды

Бүгін Сиань қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстелі өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

СNPC, CITIC, SPIC, Sinopec, Asian Infrastructure Investment Bank, POWERCHINA, GENERTEC, COFCO, XCMG, JD Group, Sun Seven Star Investment Group, Xian Aiju Grain and Oil Industrial Group, Great Wall Motors, Chery, Huawei Technologies, Changan International Corporation cияқты ірі компанияларға қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктер таныстырылады.

Фото: Борт №1

Еске салайық, кеше, 17 мамырда Президент Қытайға мемлекеттік сапармен барған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз жүргізді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, мемлекеттік сапармен келуге шақырып, құрметпен қарсы алғаны үшін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ оны Қытай Халық Республикасының Төрағасы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина