"Кесе жейсіз бе?" Қызылордалық жас ерекше жобаға дем берді

"Кесе жейсіз бе?" Қызылордалық жас ерекше жобаға дем берді
Фото: Автордан

Қызылордада жеуге болатын кесе, шыныаяқ шығарылып жатыр. Тың бизнес-жоба авторы - шиелілік жас Жамбыл Қожахметов, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қағыс естіген жоқсыз. Шынымен, ас үй жабдығын пайдаланып болғасын жеп қоясыз. Өзі сондай дәмді!
Жандос мұндай қадамға көп ізденістен кейін келіпті. Ойын он, жоспарын жүз түзеткен. Сөйтіп, ерекше кәсіпке кіріскен.

"Тамақ ішкенде бір реттік пластик ыдысты пайдаланып, лақтырып жібереміз. Біздің өнім ондай емес, жеуге жарамды. Ол үшін ұн, жұмыртқа, дәмдеуіш қосылады" - дейді Жандос.

Кейіпкеріміз екі жыл бұрын қайтарымсыз грант алып, кәсібін дөңгелетті. Қазір цехта шыныаяқ, сорпа құятын ыдыс, табақша шығарылып жатыр. Оның қатарына көп ұзамай шанышқы, қасық қосылады.
Кәсіпкер жеуге келмейтін түрін де, анығын айтқанда, экоыдыстар өндіруді жоспарлап отыр.

Назерке Саниязова

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы