Туристер үшін ең қауіпті 3 ел қандай?

The Swiftest туристік порталы туризм үшін ең қауіпті он елдің тізімін ұсынды. Рейтингті жасау кезінде қылмыс деңгейі, уланудан және антисанитариялық жағдайдан болатын өлім-жітім, апаттардың жиілігі мен табиғи апат қаупі ескерілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.

Тізім келесідей: Оңтүстік Африка Республикасы, Үндістан, Доминикан Республикасы, Мексика, Бразилия, Камбоджа, Филиппин, Сауд Арабиясы, Вьетнам және Индонезия.

Travel Rambler мәліметтері бойынша Оңтүстік Африка Республикасы Оңтүстік Африка елдері арасында кісі өлтіру деңгейі ең жоғары (100 000 халыққа шаққанда 36,40), ал ел жол-көлік оқиғасынан қайтыс болу бойынша алтыншы орында.

Үндістан антисанитариялық жағдайға байланысты, ал Доминикан Республикасы – жол қозғалысы ережелерін сақтамау, жылдамдықты асыру және алкогольдік мас болу салдарынан жиі болатын жазатайым оқиғаларға байланысты қауіпті саналадыү.

Портал қауіпсіз деп Дания, Сингапур, Нидерланды, Израиль және Швейцарияны атаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!