Таңғажайып жағдай: Сирияда жер сілкінісінен үш ай өткен соң үйінді астынан ер адам аман табылды

Сирияда жер сілкінісінен үш ай өткен соң үйінді астынан ер адам аман табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Akhbar.fouri Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ер адам үйінді астынан сейсенбі, 16 мамырда құтқарылды. Ол әбден арықтап қалған, ал оның сақалы қалыңдап кеткен. Оның қалай аман қалғаны туралы айтылмайды. Құтқарылған ер адам бақылау және оңалту үшін дәрігерлерге тапсырылған. 

Еске салайық, Сирия мен Түркияда 6 ақпанда жер сілкінісі болған еді. Наурыздағы мәлімет бойынша, Сирияда қаза тапқандар саны 5,8 мыңнан асты. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!