Тоқаев ҚХР төрағасымен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қарсы алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды. 

Сапар аясында Мемлекет басшысы ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылады.

Президент 18 мамырда Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі және мемлекеттік сапар аясында бірқатар шара өткізеді, сондай-ақ, Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысады.

Мемлекет басшысы 19 мамырда "Орталық Азия - Қытай" саммитіне қатысады. Сонымен қатар, Президент еліміздің Сиань қаласындағы Бас консулдығының салтанатты түрде ашылу рәсіміне қатысады деп жоспарланып отыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!