Зорланған қыз құқығын қалай қорғайды? Заңгер жауап берді

Зорланған қыз құқығын қалай қорғайды? Заңгер жауап берді
Фото: shutterstock

Қыздар зорлық көрген кезде міндетті түрді ішкі істер министрлігіне арыз жазу керек. Егер ата-анасын құлағдар етуге ұялатын болса онда арнайы сенім телефондарына хабарласу қажет. Бұл туралы заңгер Айбарша Сәпиева "Қыздар-ай" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Заңгер, кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер я болмаса қыз-келіншектер, ер азаматтың тарапынан әлдебір зорлық көретін болса, онда міндетті түрде арыз керектігін айтты.

"Қазіргі кезде үлкен мегополисте сенім телефондары және әлеуметтік желі арқылы сол орталықтарға хабарласу керек. Сондай-ақ, ішкі істер министрлігіне барып арыз жазу қажет. Арызды жағдай орын алған кезде мүмкіндігінше лезде бару керек. Ол арыз жазғаннан кейін оған сот медициналық сараптама жасайды. Сараптамадан кейін оның барлығы дәлелденеді" , - дейді ол.

Заңгер, ондай жағдайды жылы жауып қоюға болмайтынын айтты. Ол ертең қыз баланың психикасының ауытқуына әкелуі мүмкін екенін жеткізді.

"Ондай нәрсені жылы жауып қоюға болмайды. Қаншама жүйкеге әсер етеді, тіпті психикасына кері әсер етуі мүмкін. Бұндай зорлық моральдық деңгейде қыз балаға қатты әсер етіп тіпті кей жағдайда өзіне-өзі қол жұмсауы мүмкін. Сондықтан міндетті түрде жазаға тарту керек" , - дейді заңгер.

ҚР ҚК 120 бабы Зорлау , 121 бабы  Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша іс қозғалады. Сондықтан заңгер ешқандай кейінге қалдырмай оқиға болған күні-ақ, ішкі істер министрлігіне арыз жазу керектігін жеткізді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы