Қырғызстан ауылындағы атыс: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Қырғызстан ауылындағы атыс: оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Фото: 24.kg

17 мамырда таңертең қауіпсіздік күшінің арнайы операциясы жүргізілген Бішкек іргесіндегі ауылдағы қоршау алынып тасталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg агенттігіне сілтеме жасап.

Еске салайық, қарулы қылмыскер Дмитриевка ауылындағы жеке үйлердің бірінде арнайы жасақ қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен. Қауіпсіздік қызметкерлерінің айтуынша, қазір оқиға орнында тергеу тобы мен саперлар жұмыс істеп жатыр.

Арнайы операция жүргізіліп, қылмыскер ұсталған үй толық өртеніп кетті. Оның айналасы мен көршілес көшелер қоршауға алынған.

Үй иесінің әпкесі ер адамның осыдан бірнеше күн бұрын әйелімен және баласымен Ош қаласынан ауылға келгенін айтты.

"Бұл - менің әпкемнің үйі. Ол Ресейде тұрады. Үнемі жалға алушыларға жалға береді. Үш-төрт күн бұрын әйелі мен баласы бар ер адам осы үйге көшіп келді. Қарапайым адамдар секілді көрінді. Маңдайында "террорист" екені жазылып тұрмаған соң қайдан білейік кім екенін. Бұлай болады деп кім ойлады дейсіз. Ақшасын алдын ала төлеген соң үйге кіргіздік. Ал қазір бүкіл үй өртеніп кетті. Полиция оны басып алуға келгенде әйелі мен баласын алып шығып, гранаталарды лақтыра бастады, бүкіл үй опырылып құлады", - деді Марина Мұсаева.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек