Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының анасы өмірден өтті

Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының анасы өмірден өтті

Танымал айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының анасы өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы хабарды ақынның жақындары әлеуметтік желіде хабарлады. 

"Жақында ғана қапияда, белгісіз жағдайда қаза тапқан жас өскін Әлихан Серікзатұлының әжесі Сәжида ана да "жарық жалғанға қош айтыпты" деген жаманат хабар келді. Жан дегендегі жалғыз ұлынан, аяулы анасынан айрылудың қандай екені айтпаса да түсінікті. Serikzat досым, қайғыны қара нар ғана көтереді деуші еді. Сен де нардың жүгін көтеріп жүрген азаматсың ғой. Бекем бол! Қайғыңа ортақпын!", - деп жазды Нұртай Лахан. 

Айта кетейік, биыл 2 қаңтарда Серікзат Дүйсенғазы ұлынан айырылып қалды. Айтыскер ақын марқұм ұлы туралы жантебірентерлік жазба жариялады

Сондай-ақ кейінірек Серікзат Дүйсенғазының ұлы мерт болған курортта тағы екі қыз жарақат алғаны белгілі болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина