Желіде Тоқаевтың туған күніне арналған ерекше видео тарады

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толды. Осыған байланысты Желіде Президенттің саяси мансабында түсірілген бірнеше эксклюзив-мұрағат суреттері тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео Telegram-арналардың бірінде пайда болды. 

Видеода галереяда ілулі тұрған Қасым-Жомарт Тоқаевтың суреттері көрсетіледі. 

"Әрбір жаңа жетістік - бұл жаңа бастама, өйткені адамның мүмкіндігі шексіз", - деп жазылған видеода. 

Еске салайық, бұған дейін қарапайым отбасында дүниеге келген Тоқаевтың өмір жолы мен мансабына шолу жасап, қызық деректерді жинаған едік. Сондай-ақ, Президенттің сирек жарияланған суреттерін бөлістік. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!