Қырғызстанда Қазақстан азаматы ұсталды

Қырғызстанда Қазақстан азаматы ұсталды
Фото: 24.kg

Қырғызстанда Қазақстан азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ол қарақшылық шабуыл жасағаны үшін Қазақстанда іздеуде жүрген. Күдіктіні Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті ұстады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз орталығы хабарлады.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың 33 жастағы мүшесі Алматы облысының аумағында жасаған қылмысы үшін іздеуде жүрген. Қазақстандық 2022 жылдың қарашасында шекарадан заңсыз өтіп кеткен. Ол №21 жазаны өтеу қызметіне қамалды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина