Ақтау тұрғындарына атыс естілді

Ақтау тұрғындарына атыс естілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

16 мамырда сағат 00:37 шамасында 102 кезекші пультіне 16 шағынауданда белгісіз тұлғаларға бірнеше рет оқ атылғаны туралы шақырту келіп түсті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Ол жерден атыс гильзалары тәркіленді.

Тексеру барысында Маңғыстау облыстық ауруханасына оқ жарақатынан зардап шеккен адам қаралмағандығы анықталды.

Бұл дерек ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!