Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты
Фото: elements.envato.com

Синоптиктер 18-20 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталь бөлімдер айқындайды. Соның нәтижесінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. 18-20 мамырда солтүстік-батыста, орталықта, 18-19 мамырда оңтүстікте, 18-20 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысында жаңбыр жаууы мүмкін. Сондай-ақ, республика бойынша желдің күшеюі күтіледі", - делінген хабарламада. 

Синоптиктер мәліметінше, Қазақстан бойынша температуралық фон жоғарылауы мүмкін. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі уақытта 3 градусқа дейін үсік болжанады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек