Қырғызстандағы ауылда атыс болып жатыр: зардап шеккендер бар

Қырғызстанның Шу облысындағы Дмитриевка ауылында атыс болып жатыр. бұл туралы жергілікті тұрғындар хабарлаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, Бішкекке барар жол жабылған. 

24.kg дереккөздерінің хабарлауынша, алдын ала мәліметтер бойынша, бүгін таңертең ІІМ арнайы күштерінің қызметкерлері күдіктілерді қарақшылық шабуылда ұстауға тырысқан. Күдіктілер атыс шығарған. 

Атыстан екі адам зардап шеккен. Бұл туралы басылымның Денсаулық сақтау мниистрлігіндегі дереккөздері хабарлаған. 

Олардың деректері бойынша, зардап шеккендер Есік-Ата ауданының КҚКО-на түсті: біреуі амбулаториялық-емханалық, ол үйіне жіберілді. Зардап шеккен екінші адам рентгенге түскен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!