Астананың Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр

Астананың Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр
Фото: pixabay.com

Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаеваға қатысты тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Tengrinews.kz тілшісіне растады. 

"Сотқа дейінгі тергеу басталғанын растаймыз. Тергеу шаралары жалғасып жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратылуға жатпайды", - делінген хабарламада. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина