Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан екі шетелдік қаза тапты

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан екі шетелдік қаза тапты
Фото: ПД

Ақтөбе облысында жол апатынан екі шетелдік азамат қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

16 мамырда Самара-Шымкент тасжолының 824-шақырымында Toyota RAV-4 және Chevrolet Lacetti көліктері соқтығысқан.

ПД баспасөз қызметі

Салдарынан Chevrolet көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы - Өзбекстан Республикасының азаматтары оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ, Chevrolet көлігінің үш жолаушысы және Toyota RAV-4 көлігінде болған 5 жасар баласы бар ерлі-зайыпты медициналық мекемеге жатқызылды.

Жол апатына қатысты тергеу басталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова