Жел, найзағай: бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

17 мамырда Қазақстанның барлық аумағында дерлік ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Соған сәйкес қатты жел, жаңбыр және найзағай болуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жел екпіні 15-20, 23 метрге жетеді. Оралда 17 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді.

Астанада ертең күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 метрге жетеді.
 
17 мамырда Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 метрге жетеді. Атырау қаласында ертең күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күндіз екпіні 15-18 метрге жетеді.

17 мамырда Ақтөбе облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі, күндіз найзағай болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде орталығында, күндіз облыстың солтүстік жартысында екпіні 23 метрге жетеді. Ақтөбеде 17 мамырда шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді.

17 мамырда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күші 15-20 метрге, екпіні 23 метрге жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Петропавл қаласында 17 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

17 мамырда Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың шығысында 3 градус үсік күтіледі.

17 мамырда күндіз Қарағанды облысының шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

17 мамырда күндіз Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 23 метрге жетеді. Тараз қаласында 17 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 метр болады.

Түнде 17 мамырда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ жауады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 метр болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 17 мамырда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз 17 мамырда Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрге жетеді. Ақтауда күндіз 17 мамырда кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады.

17 мамырда таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай, дауыл, таулы аудандарда бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 25 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қаласында 17 мамырда таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 метрге жетеді. Түркістан қаласында 17 мамырда кей уақытта найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 метрге жетеді.

17 мамырда Павлодар облысының солтүстігінде түнде 2 градус үсік күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15 метрге жетеді. Облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

17 мамырда Ұлытау облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 метрге жетеді. Облыстың шығысында өрт қаупі жоғары сақталады. Жезқазған қаласында 17 мамырда найзағай, бұршақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 метрге жетеді.

17 мамырда күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 метр болады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады. Көкшетау қаласында 17 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 метр болады.

17 мамырда Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жауады. Күндіз облыстың оңтүстік жартысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қостанай қаласында 17 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 метр болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!