Алматыда такси жүргізушісі шетелдікті 200 мың теңгеге тасымалдаған

Алматыда такси жүргізушісі шетел азаматын әуежайдан қала ортасына дейін 400 еуроға, яғни 200 мың теңгеге жеткізген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру шарасының арқасында 27 жастағы Алматы облысының тұрғыны ұсталды. Полицияның айтуынша, жауап алу кезінде ер адам өз кінәсін мойындап, жәбірленушіге ақшаны толық қайтарып берген. Шетел азаматы шағымын қанағаттандырғаны үшін тәртіп сақшыларына алғыс білдірді.

"Бұл азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 449-бабының 2-бөлігі, яғни қоғамдық орындарда тиісу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Алматы мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен оған 21 150 теңге айыппұл салынды", - деді ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің ресми өкілі Ләззат Қасымжанова.

Еске салайық, бұған дейін Германия азаматы Алматы әуежайынан қонақүйге жеткізгені үшін такси жүргізушісіне 45 мың теңге төлеуге мәжбүр болғаны хабарланған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!