"Кинорумда тиісті". Алматыда топтық зорлау дерегі тергеліп жатыр

"Кинорумда тиісті". Алматыда топтық зорлау дерегі тергеліп жатыр
Фото: elements.envato.com

Алматы кинорумдарының бірінде 20 жастағы қыз үш адамнан зорланғаны туралы хабарлама тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Не Молчи KZ" қорының әлеуметтік желілердегі парақшаларында топтық зорлау дерегі туралы хабарлама пайда болған. Парақша авторының сөзінше, оқиға 14 мамырға қараған түні болған. Хабарламада 20 жастағы қыз танысымен бірге кинорумға барғаны, бірақ оны танысы мен тағы екі адам зорлағаны айтылады.

Қыздың айтуынша, осы мекеменің директоры танысы болған, алайда ол осы жағдайдан кейін қыздың интим суреттері мен видеоларын тарататынын жеткізген. Қыз бөтелкені сындырып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған, содан кейін үш күдікті де оқиға орнынан қашып кеткен.

Алматы полициясы бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. 2002 жылы туған қыз зорлау дерегі туралы арыз жазған. Ал осы іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова