Екібастұзда атыс кезінде жараланған адамның жағдайы айтылды

Екібастұзда атыс кезінде жараланған адамның жағдайы айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

15 мамырда белгісіз адам медициналық орталық маңында оқ жаудырып, ер адамды жарақаттады. Жәбірленушіге ота жасалды, қазір жансақтау бөлімінде.

Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, зардап шеккен адам жедел жәрдеммен кешке жеткізілген.

"Науқас іш жағынан, иықтан алған оқ жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Қазір ол тұрақты ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде. Қажет ем алып жатыр", - деді ведомство өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Екібастұзда белгісіз біреу атыс шығарғаны хабарланған еді.

Полиция мәліметінше, 15 мамырда сағат 17:40 шамасында Екібастұз қаласы ПБ кезекші бөліміне М.Жүсіп көшесіндегі медициналық орталық маңында әйел көмек сұрап жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Нәтижесінде белгісіз адам Екібастұз қаласының 32 жастағы тұрғынына оқ атқаны анықталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!