"Ауырып тұрдым, аунап тұрдым". Тамара Асар ауруханадан бір-ақ шықты

"Ауырып тұрдым, аунап тұрдым". Тамара Асар ауруханадан бір-ақ шықты
Фото: instagram.com/tamara_assar_official

Әнші Тамара Асар ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әншінің өзі Instagram-парақшасында айтты. Әншінің сөзінше, қазір жағдайы жақсы. 

"Ардақты Ағайын! Ақжүректеріңізден шыққан ақжарма тілектеріңізді қабыл алдым. Отбасымның атынан шексіз рахметімді жолдадым өздеріңізге. Көңілім көтеріліп, көзім жарқырап, жаным жадырап, біраз жақсы болып қалдым. 

Дер кезінде орналастырған қамқоршыларыма, мен емделген бөлімді басқарып отырған жетекші дәрігерге, бұдан әрі аяқтай ем алу жүйеме бағыт беретін өз дәрігеріме, осы бөлімшенің барлық медқызметкерлеріне шын жүректен рахмет айтамын, әр науқасқа деген құрметіңізбен бен қамқорлығыңызға бас идім. 

"Ауырып тұрдым, аунап тұрдым…" шүкір. Менің дәрім - ән, дәруменім - халық. Сахна деген емханам күтіп қалды мені…", - дейді әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Тамара Асар (@tamara_assar_official)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина