Алматының орталығында жарық өшіп қалды

Алматының орталығында жарық өшіп қалды
Фото: pixabay.com

Алматының орталығында жарық өшірілді, жарық та жоқ, мобильді интернет жұмыс істемей тұр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған электр желілеріндегі апат себеп болған.
 

"Сәтбаев - Назарбаев - Достық даңғылдары - Құрманғазы көшесі аумағында жарық өшті. РЭС-6-да апат салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады "109" қызметі.

Алматы әкімдігі шамамен екі сағаттан соң электр қуаты қайта берілетінін хабарлады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан