Павлодар облысында тіркемесі бар көлік аударылып, жылқы өлді

Павлодар облысында тіркемесі бар көлік аударылып, жылқы өлді
Фото: Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Жол-көлік оқиғасы Екібастұз - Майқайың автожолының 10-шақырымында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 мамыр күні сағат 19:00 шамасында тіркемесі бар Toyota Europe маркалы автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, кюветке аударылған. 

"Салдарынан жүргізуші мен 22 жастағы жолаушы медициналық көмекке жүгініп, кейін үйлеріне жіберілді. Сондай-ақ жүргізуші бір жылқыны тасымалдағаны анықталды. Жылқы сол жерде өлді", - делінген хабарламада. 

Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткені анықталды.

Жүргізуші көлік құралын рұқсат құжатынсыз басқарған. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 595-бабы – "Маневр жасау ережелерін бұзу" және 612-бабы "Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы" бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан