Ақтөбеде жеңіл көлік скутерді соғып кетті

Ақтөбеде жеңіл көлік скутерді соғып кетті
Фото: видеодан алынған кадр

Ақтөбеде скутер мен жеңіл көлік соқтығысты. Жол апаты бейнебақылауға түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

13 мамырда сағат 00:30 шамасында Daewoo Nexia автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі солға бұрылып жатқанда Әз Наурыз көшесімен жүріп келе жатқан қарсы бағыттағы көлік құралына жол бермеген.

Кейін Сейітов көшесі бойымен тікелей бағытта келе жатқан 19 жастағы жігіт мініп келе жатқан Jugurmek скутерімен соқтығысқан.

Салдарынан скутердің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Автокөлік жүргізушісі скутерді байқамағанын айтқан.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан