Қостанай облысында 3 жасар қызды ит талады

Қостанай облысында 3 жасар қызды ит талады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай облысы Тобыл қаласында питбуль тұқымды ит үш жасар қыздың бетін талап, ерні мен беті жыртылып ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Балаға шұғыл хирургиялық ота жасалған, қазір жағдайы қанағаттанарлық.

Қостанай облысының полиция департаменті бұған қатысты түсініктеме берді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы "Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ит иесі анықталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!