Алдағы күндері Алматының бірнеше ауданында су өшеді

Алдағы күндері Алматының бірнеше ауданында су өшеді
Фото: pixabay.com

Алматының бірнеше шағынаудандары суық судан уақытша ажыратылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алматы су" МКК-ға сілтеме жасап. 

Алматының екі ауданындағы бірнеше тұрғын үй алаптары технологиялық жабдықты жоспарлы ауыстыруға байланысты бір күнге суық сумен жабдықтаудан ажыратылады.

17 мамырда сағат 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін Медеу ауданының Атырау-1, 2, 3 шағынаудандарындағы тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.

18 мамырда сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін Әуезов ауданының "Таугүл-1" шағынауданы №44-52, "Таугүл-2" шағынауданы №1-4, 7-9, 12-14, 21-30, 36-40, 95-97 үйлерінде су беру уақытша тоқтатылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина