Темекімен күресудің жаңа тәсілдері: тыйым салу емес, зиянын азайту

Темекімен күресудің жаңа тәсілдері: тыйым салу емес, зиянын азайту

"Шылым шегумен күрес қалағандай нәтиже бермейді" - халықаралық сарапшылар беделді ТАСС агенттігінің дөңгелек үстелінде осылай деп мәлімдеді. Сондықтан дамыған елдердің көбі әдетінен бас тарта алмайтындарға қаупі аз электронды темекіге жүгінуді ұсынып келеді.

Зиянды азайту саясаты көп айтылып жүр. Зияны аз балама темекіге қолдау білдірудің арқасында биыл әлемде "темекі түтінінен таза" алғашқы ел пайда болуы мүмкін. Бұл ел – Швеция. Ел тұрғындарының 5,6 пайызы ғана шылым шегеді, ал елді "түтінсіз" деп тану үшін, ДДСҰ көрсеткішіне сәйкес, 5 пайызға төмендету керек.

Зиянды азайту ұстанымының маңызы ТАСС агенттігінің "Ресейде өмір салтын түзетуде тәуекелге бағытталған тәсілді енгізу: заманауи профилактика, терапия және өмір салтын түзетуде емдеудің қолжетімділігі" сараптамалық талқылауы барысында да айтылды.

"Біз темекі шегушілермен күресетін болсақ, олар жай ғана жасырын шегуге көшеді. Екінші мәселе – еңбекке қабілетті ерлер өлімінің жоғары деңгейі. Дәрігерге бармайды, қауіп факторларына және саулығына назар аудармайды", - деп атап өтті медицина ғылымдарының докторы Айрат Фаррахов.

Ал Тәуекелдерді модификациялау жөніндегі медицина мамандары қауымдастығының директоры Александр Розанов салауатты өмір салтын насихаттаудың кешенді шаралары қажет дейді.

"Бұл мемлекетке де пайдалы болуы керек, өйткені біз салауатты өмір салтын – зиян әдеттер туралы айтсақ, бұл экономикалық аспектілер. Біздің қауымдастық реалист дәрігерлердің басын қосады. Жүйелі тәсілді ұстанамыз, әлемдік бай тәжірибеде осындай тәсілдің мысалдарын іздейміз және тәуекелдерді өзгерту тек ғылыми негізделген, догматикалық емес, жеткілікті икемді әдістерін қолдануды көздейді деп санаймыз", - дейді Розанов.

Англияның денсаулық сақтау саласындағылар темекі шегетіндерге күрестің жаңа жоспары аясында зиян әдеттен бас тартуы үшін тегін вейп бөлуді ұйғарған. Денсаулық сақтау министрі Нил О'Брайен бұл саясат тыйым салудан гөрі "тұрғындарға темекіні тастауға көмектесуге" бағытталғанын айтады.

Қазақстандық "Денсаулық" зиянды азайту ұлттық қауымдастығының сарапшылары да зиянды азайту темекі шегуге қарсы күресте ғана емес, сонымен қатар, Қазақстанда өлім-жітімнің негізгі себебі болып отырған ЖЕА қаупін азайтуда тиімді екенін айтады.

"Зиянды азайту тұжырымдамасы – темекіден бас тарта алмайтын жағдайда зияны аз баламаға айырбастауға негізделуі тиіс", - дейді "Денсаулық ұлттық қауымдастығы" ЗТБ төрағасының орынбасары, дәрігер Гинтаутас-Юозас Кентра.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова