Найзағай, жел, жаңбыр. Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Найзағай, жел, жаңбыр. Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: еlements.envato.com

Синоптиктер 16-18 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы оңтүстік циклонмен анықталады, онымен бірге найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың оңтүстік-батысында 16-17 мамырда, солтүстік-батыс пен оңтүстікте 16-18 мамырда, орталықта 17-18 мамырда, 18 мамырда оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Ел аумағында да жел күшейеді деп болжанды.

"Республикада температура фонының төмендеуі күтіледі. Күндіз ауа температурасы республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде 13-18 градусқа дейін, қалған аймақтарда 15-23 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек